Матч Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда өтті. Владимир Мухановтың командасы 1:0 есебімен алға шықты. Гол авторы америкалық легионер Джозеф Нейн. Осылайша кезекті үш ұпаймен "Ақтөбе" турнир кестесінде жетінші орынға көтерілді. Қазір құрама жалпы есепте 29 ұпай жинады. Жерлестеріміз келесі ойынын 24 қыркүйек күні орталық стадионда қызылордалық "Қайсармен" өткізеді.