Ақтөбелік Аружан Аманжолова "Қазақ аруы" байқауының жеңімпазы атанды. Сән мен сымбат, өнер мен білім сынға түсетін байқаудың финалында 16 ару бақ сынаған. Айтып өтейік, Аружан Аманжолова арнамыздың тілшісі. Жарыстың жай-жапсарын жеңімпаздың өзінен білдік.