Негізгі Жаңалықтар БЕКҚҰЛ БАБА КЕСЕНЕСІ ЦИФРЛАНДЫРЫЛДЫ

БЕКҚҰЛ БАБА КЕСЕНЕСІ ЦИФРЛАНДЫРЫЛДЫ

Өңірде мәдени, тарихи орындар туралы мәлімет қолжетімді бола түсті. Әр адам QR код арқылы мавзолей, ескерткіш секілді тарихи, қасиетті жерлерді онлайн тамашалап, мәлімет ала алады. Қала іргесінде орналасқан Бекқұл баба кесенесі де цифрлық жүйеге көшірілді. Еске салсақ, осындан 20 жыл бұрын Бекқұл бабаның жатқан жеріне жергілікті кәсіпкер кесене тұрғызған болатын. Қазір бұл жер қорғауға алдынды. Шағын ғана елдімекенге әулие, дін жолында қызмет еткен Бекқұл бабаның аты берілді. Бабаның осы жерге жерленуінің өзіндік мәні бар. 

Бөлісу