Мешіт жамағаттары футбол алаңына шықты. Шағын футболдан турнир "Дін. Дәстүр. Руханият" жобасы аясында өтіп жатыр. Жарысқа 5 аудан мен Ақтөбе қаласынан 8 команда қатысты.

Жарысты облыстық дін басқармасының қолдауымен "Аңсар", "Жарық" ақпараттық талдау орталықтары ұйымдастырды. Қалалық жарыс осы жылдың қазанында болған еді.

Мешіт жамағаттары арсында өткен шағын футболдан жарыс бірнеше мақсатты көздейді. Ең бастысы-ауызбіршілікті насихаттау дейді мешіт қызметкерлері.

Бүгінгі турнир облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бекіткен "Дін. Дәстүр. Руханият" жобасы шеңберінде жасалып жатқан шараның бірі. Қалалық мешіт жанынан ашылған Әйелдердің сауат ашу орталығында "Адамзаттың асыл тәжі" атты пайғамбарымыз  Мұхаммедтің өмірбаянына арналған Сира сайысы өтті.

Венера Серғазина