Ақтөбенің көшесіне ақ тарының атасы Шығанақ Берсиевтің ескерткіші орнатылды. Көше мерекесінде арнайы көрме ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама ұсынылды. Ал, Ойыл халық театры "Шығанақ" спектаклін қойды. Шараға оның ұрпақтары мен көше тұрғындары қатысты. Жұлдыз Алмасқызы толықтырады. Бұл қойылым әйгілі диқанның еңбекке негізделген өмірі туралы болды. Шығанақ бағындырған шыңды актерлер әсерлі сомдады. Әлемдік рекордты жаңартып, атағы дүниежүзіне жайылған ақ тарының атасы Шығанақ Берсиев 1938 жылы «Құрманов» атындағы ұжымшардың звено жетекшісі болып сайланады.  Бір жылдан соң, ауылда қуатты двигатель іске қосылып, 32 гектар суармалы егістің әр гектарынан 25 центнерден өнім жинайды. 1943 жылы гектарынан 201 цент­нер тары жинап, дүниежүзі­лік рекордқа қол жеткізді. Бұл сұрапыл соғыс жылдары еді. Еңбек майданындағы арпалыспен келген әр дән қымбат уақытта тарышының жетістігі кішкентай ғана Ойыл өңірін бүкіл әлемге танытты. Алғашқы табысы үшін Ленин орденімен марапатталды. Ол еңбекке жастарды тартты. Оларға суармалы егіншілік ісін үйретті.

Жұлдыз Алмасқызы