Сондай-ақ республикалық акция аясында экологтар шаһар аумағындағы жабайы полигонда сенбілік өткізді. Олар Шанхай ауданынан бастап қоқыс полигонына дейінгі аумақты тазалап, күл-қоқыс жинады.
Аумақ бірнеше учаскеге бөлініп, әрқайсысына жауапты адам бекітілді. Жаңбырлы ауа райына қарамастан тазалық сақшылары ұйымшылдық танытты.