Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында өңірде тазалық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Күн сайын мекеме қызметкерлері, мектеп оқушылары мен белсенді экологтардың қатысуымен түрлі шаралар ұйымдастырылады.
Бүгінде сенбілікке шыққандар орталық көшелер мен аллеяларды тазалап, қоқыс қалдықтарын жинап, көшеттер отырғызды. Ал кішкентай бүлдіршіндер ағашқа құс ұясын ілді.