Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында 300 орындық заманауи мектеп салынды. Нысанда бейнебақылау камералары орнатылған. Ол арқылы мердігер ұйымның құрылыс жұмыстарына бақылау жүргізіліп келеді. Басты мақсат - жұмыс сапасын қадағалау.
Әзірге оқу ғимаратына инженерлік желілер мен кірме жолдар тартылып жатыр. Аймақ басшысы ауданға жұмыс сапары барысында құрылыс нысанын аралады.
Ал облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаевтың айтуынша, облыста барлығы 14 "Жайлы мектеп" салынады.