Биыл 23 ауыл көгілдір отынмен игілігін көре бастайды. Осылайша өңірдегі 319 елдімекеннің 196-сын газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Сонымен қатар, инвестициялық бағдарлама аясында Мұғалжар ауданы Қожасай ауылын газдандыру жұмыстары аяқталмақ. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында өңірді газдандыру және бекеттердегі газ тапшылығын жою мәселелері талқыланды.