Чернобыль атом электростанциясындағы ядролық апаттың болғанына - 39 жыл. Осыған орайда ақтөбеліктер Чернобыль құрбандарына арналған ескерткіш алдында жиылып, атом энергетикасы тарихындағы ең ірі жарылыстың зардабын жоюға қатысқан жерлестерімізді еске алып, тағзым етті.

Апаттан кейінгі аймақты залалсыздандыруға 30 мыңнан астам отандасымыз, оның ішінде 2 мыңдай ақтөбелік азамат аттанған. Бүгінгі күні 170 Чернобыль ардагерінің көзі тірі. Жоғары радиацияның салдарынан 90 пайызы денсаулығынан айырылған.