Шалқарда Кеңес Одағының батыры Ідіріс Үргенішбаевті еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасында дәстүрлі 7-ші республикалық турнир өтті. Жарысқа еліміздің әр түкпірінен келген спортшылар қатысып, бақ сынады. 2011-2012 жылы туған 150-ге жуық боксшы рингте қолғап түйістіріп, алтын медальді сарапқа салды.