Атасының "Халық қаһарманы" екенін дәлелдей алмай жүр... Бұл атаққа лайық ерлік істесе де, 373 фашисті жойған Қуанай Абдрахмановтың әлі күнге лайық бағасы берілмей келеді.

Батырдың ұрпақтары 2011 жылдан бері әртүрлі орындарға хат пен өтініш жазса да іс нәтижесіз. Енді олардың Жеңістің 80 жылдығында Отан үшін от кешкен атасына "Халық қаһарманы" атағы берілсе деген тілегі бар.