Қалада жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен 11 саябақ пен сквер жаңартылып, бос жатқан жерлер демалыс орындарына айналып жатыр. Мердігерлер жұмысты бастап кетті. Соның бірі 12 шағын ауданы Әз Наурыз көшесінің қиылысында орналасқан - “Теңге парк”. Көп жылдан бері жөндеу көрмей, ескіріп тұрған свкерде парк жиһаздары жаңғыртылады.