Медицина қызметкерлері күні қарсаңында өткен шараға сала ардагерлері шақырылды. Оларға құрмет көрсетіліп, медальдар табысталды. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Елу жылда ел жаңа. 1966 жылы Мұғалжар өңірі құрылғанда осы Ембі аудандық ауруханасы ашылды. Құрамында 2 дәрігерлік амбулатория мен 18 фельдшерлік-акушерлік пункт болған. Кейін аурухана қызметкерлеріне арнап 1967 жылы Карл Маркс көшесінен арнайы жер бөлініп, 60 орындық жатақхана салынады. Бүгінде аурухана күрделі жөндеуден өткен. Барлық талаптарға жауап береді. Шараға қатысқан Ембі қаласының әкімі денсаулық сақтау саласына мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауларды атап өтті.
Жұлдыз Алмасқызы