Облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде екі өзекті мәселе қаралды. Алдымен, тұрмыстық қиын жағдайға түскен отбасыларға, профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмаған жасөспірімдер және отбасы мүшелеріне қажетті қолдау көрсету шаралары талқыланды. Ал екінші кезекте әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жоспары айтылды. Қатысушылар өз пікірін білдіріп, ұсынысын айтты.