"Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасы аясында қалада №69 орта мектепте тал егу акциясы ұйымдастырылды. Шара жас буынның экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға деген қамқорлығын арттыруға бағытталған. Бұл Астана ауданы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асқан игі бастама.