Кеше кешкі сағат 21:28-де өрт сөндіру бөліміне облыс әкімдігі ғимаратынан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу төтенше жағдайлар қызметі жөнелтілді. Шатырдан шыққан қызыл жалын шамамен 300 шаршы метр аумақты шарпыған. Дегенмен, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын туралы брифинг барысында айтылды.