Олардың есімі – ел жадында, ерлігі – ұрпаққа аманат. 6655 әскери бөлімінде тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алуға арналған шара өтті. Жиналғандар боздақтардың рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.