Шаһарда тұрғындар үшін маңызды әлеуметтік нысанның құрылысы басталды. Енді өңірде жүздеген адамға арналған заманауи денешынықтыру-сауықтыру кешені бой көтермек. Бүгін жаңа спорт орталығының алғашқы тасын облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев және Самұрық-Қазына қорының басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов қалады.