Жаңа Конституция жобасын жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстары қызу. Бүгін өңірлік коалиция мүшелері мәдениет саласының өкілдерімен жүздесті. Кездесуде жаңа Конституция жобасы ел азаматтарының құқығын айқындайтын құжат ғана емес, ұлттың рухани болмысы мен мәдени дамуының кепілі екені айтылды.
Ата Заңның жаңарған нұсқасында аталмыш саланың дамуына, ұлттық мұраны қорғауға ерекше ден қойылған. Қатысушылар Жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді. Халық үшін саяси маңызға ие республикалық референдумға белсенді қатысуға дайын екендерін жеткізді.