Мемлекет басшысы осы 2026 жылды: "Цифрландыру және жасанды интеллект жылы" деп жариялады. Заман көшіне ілесу үшін, цифрлы технологияларды ел болашағы оқушылардың меңгеруі шарт. Сондықтан бүгін Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде "JuniorSkills Automation - 2026" кәсіби шеберлік байқауы өтіп, еңбексүйгіш жастар бақ сынады.