Экологиялық құндылықтар ата заң деңгейінде бекітілмек. Ауыл партиясы 31-бапқа азаматтардың табиғатты сақтау міндетін енгізуді және 61-бап бойынша экологияны қорғау заңдарын реттеу құзыретін нығайтуды ұсынған еді. Игі бастама Конституциялық комиссия мүшелері тарапынан қолдау тапты. Тіпті қоршаған ортаны қорғау мәселесі басты құжаттың кіріспесінде де айшықталып жазылады. Мақсат – айналаны аялауды мемлекеттің және әр азаматтың ортақ міндеті ретінде конституциялық деңгейде бекіту.