Төтенше жағдайлар қызметі үй-үйді аралап, өрт қауіпсіздігі ережесін түсіндіруге шықты. Жылыту маусымында от жағатын саяжай тұрғындары ерекше назарға алынған. 


Алдын-алу шараларына жергілікті атқарушы орган өкілдері мен еріктілер де қатысып жатыр. Барлығы 7600-ден астам үйді қамтыды. Сонымен бірге 300-ден астам дабыл құрылғысы орнатылды. Мұржа да тазартылған.