Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Этносаралық коммуникацияларды дамытуға және этностарды интеграциялауға бағытталған іс-шаралардың тиімділігін бағалау және жүргізу тәсілдері» тақырыбында семинар-тренинг өтті. 


Семинарға қатысуға келген этномәдени бірлестік басшылары мен өкілдері ең әуелі қаламыздың тарихи және мәдени орындарына экскурсия жасады. Негізгі мақсат – этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту. 


Жиынның алғашқы күнінде білікті мамандар медиация бағытындағы заманауи әдістер мен тәжірибелерін ортаға салды.