Аймақта халықаралық «World Clean Up Day» экологиялық акциясы өтті. Шараға «Таза Қазақстан» ұранымен тазалық белсенділері, еріктілер мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Олар Алматы ауданына қарасты саяжай аумағын, өзен-көл маңын қоқыстан тазартты.