Бүгінде әлеуметтік масылдық пиғылынан арылу ауқымды мәселеге айналып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыру ісінде өңірлердің ахуалын қайта таразылау қажеттігін ескертті.