Ал шаһар сыртында Мөңке бидің 350 жылдық мерейтойына арналған этноауыл түзілді. 60-тан астам ақ шаңқан киіз үй тігіліп, ашық аспан астында мәдени көпшілік шара ұйымдастырылды. 20 мыңнан астам көрермен ұлттық спорт түрлерінен өткен тартысты сайыс пен концерттік бағдарламаны тамашалады.