Ұйымдасып мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілердің бірі ұрланған жылқыны сойып, етін бөліп жатқан сәтінде қолға түсті. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде анықталғандай, олар жайылымда жүрген жылқыны орман алқабына қарай айдап апарған.
Ал екінші азамат делдал рөлін атқарып, етті алып кетіп, қала базарларының бірінде сатуды жоспарлаған.
Баукеспе барымташыларға қатысты тергеп-тексеру кезінде олардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.