Ақтөбе облысының командасы "Жас Скилс 2025" республикалық байқауында бірінші орынды иеленді. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен сайыста білімі мен білігі өзгеден басым түскен өрендер алтын тағып, қолдаушыларын қуантты. Кеше оларды мұғалімдері мен сыныптастары, тума-туыстары күтіп алып, құттықтады.