Ақтөбеде еліміздің батыс өңіріндегі алғашқы бетон скейт-парк ашылды. Бұл алаң қаланың орталық көшелерінің бірі Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы Пацаев ескерткішінің жанында орналасқан.
Енді аймақ тұрғындары бұл алаңға келіп, аталған спорт түрінен шеберлігін шыңдай алады.