Аймақта әлеуметтік осал топтар үшін 800-ден астам жалдамалы пәтер сатып алу жоспарда. Ол үшін республикалық бюджеттен және облигациялық қарыздар есебінен 12 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылған.
Ал биыл 253 пәтер сатып алынбақ. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.