Шаһарда VIІ Халықаралық «BALAUSA» экспериментальді спектакльдер фестивалінің ашылу салтанатты өтті. Бұл жолғы өнер додасы Қазақстанның халық жазушысы Қ.Шаңғытбаевтың 100 жылдығына арналған.
Байқауда шетелден және еліміздің бірқатар аймағынан келген өнерпаздар бақ сынайды. Мәдени шараның өтуіне Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театр ұжымы ұйтқы болып отыр.