Енді МӘМС жарнасын төлемегендер де онкоскринингтен тегін өтеді. Ал микротия диагнозымен дүниеге келген балаларға мемлекеттен қолдау көрсетіледі. Яғни, бір құлағы жоқ, есту қабілеті төмен балаларға арнайы аппараттар тегін беріледі. Бұған қоса, әлеуметтік осал санаттарға жататын азаматтар үшін медициналық сақтандыру аударымдары жергілікті бюджет есебінен төленеді. Жаңа нормалар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.