Өңірде «BAQYTTY ВALA - 2025» балалар вокалдық фестиваль-байқауы басталды. Өнер орталығы сахнасында Қазақстанның барлық қаласынан, сондай-ақ жақын және алыс шет елдерден келген қатысушылар өздерінің вокалдық кәсіби шеберліктерін көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, бастапқыда өтінім берген 220 жас қатысушының ішінен соңғы кезеңге жиырма әнші таңдалады. Жеңімпаздар осы сенбі өтетін гала-концертте анықталады. Үздігін қазылар алқасы таңдап алады.