Алға қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласына балаларға арналған ойын алаңы салынды. Алаң заманауи үлгіде, барлық техникалық қауіпсіздіктер ескерілген. Бұл жер бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі. Жанында шағын футбол алаңы да бар.