Жаңа оқу жылында 441 мектеп пен 639 балабақша жұмысқа кіріседі. Өткен жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйым саны 20-ға артқан. Биыл облыста шамамен 190 мың оқушы білім алады, оның ішінде 19 мыңнан астамы енді ғана мектеп табалдырығын аттайтындар. Сондай-ақ «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында төрт мектеп пайдалануға беріледі деген жоспар бар. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникация алаңындағы брифингте айтылды.