Елімізде әр облыстың жұмыспен қамту картасы бар. Биыл Ақтөбеде 54 мыңнан астам жұмыссыз азаматты еңбекке араластыру міндет. Адамдарды жұмыспен қамту көрсеткіші қазір Ойыл, Байғанин, Мәртөк және Хромтау аудандарында жоғары.

Ал өзге аудандардың аяқ алысы баяу. Ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар аясында 3 154 жұмыс орнын құру жоспарланған.

142 жоба жүзеге асырылып, 3 052 адам жұмысқа орналасқан.