Өңірде Тамыз кеңесінің пленарлық секция отырыстары жалғасып жатыр. Бүгін мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары басқосты. Жиында «Адал азамат» ұстанымын, біртұтас тәрбие бағдарламасын енгізу мәселесі қаралды. Бастаманың арқасында тәрбие жұмысы жаңа форматқа көшеді. Кәсіби бағдар беру дағдылары қалыптасып, орта білім беруге жасанды интеллект енгізіледі.