Келесі аптада даңқты балуан Есенгелді Батырғаринді еске алу турнирі өтеді. Оған ел аймақтарынан бөлек, көрші мемлекеттерден де спортшылар келмек. Қазір Есет батыр атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде дайындық қарқынды. Өңір спортшылары намысты қолдан бермек емес. Айтып өтелік, Есенгелді Батырғарин - КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы, грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.