Сондай-ақ, Алға-Қарабұлақ бағытындағы көпір күрделі жөндеуден өтті. Құрылыс жұмыстары өткен жылы қараша айында басталды. Жоба құны - 251 млн теңге.
Еске салсақ, қатынас бағытындағы өткелді көктемгі су тасқыны кезінде шайып кеткен еді. Содан бері тұрғындар айналма жолмен қатынап келді.