Былтыр Ақтөбе қаласының 155 жылығына орай Алтын орда шағын ауданында жаңа саябақтың жобалық-сметалық құжаты әзірленді. Саябақтың ауданы - 9 гектар. Жұмыс кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Демалыс орны осы аумақтағы аллеялар мен парктің жүктемесін азайтуы тиіс. Себебі жыл өткен сайын қоныстанушылар саны артып келеді.