Өңірде зейнет жасындағы адам саны 110 мыңнан асты. Олардың тұрмыс жағдайын жақсартып, әлеуметтік құқықтары мен мүддесін қорғау, денсаулығын қадағалау маңызды. Бұл ретте аймақта "Белсенді ұзақ өмір сүру жобасы" іске асып, бірқатар қолдау шарасы қолға алынды. Аталған мәселелер ардагерлер кеңесінің төралқа отырысында айтылды. Жиын соңында облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар ардагерді марапаттады.