Өңірде облыстық тамыз кеңесі аясында панельдік секциялық отырыстар өтіп жатыр. Биылғы тақырып — «Адал азамат: тәрбие экожүйесі және мектеп – отбасы – қоғам синергиясы».  


Секция отырысында педагогтер жаратылыстану мен гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бойынша өз тәжірибесін бөлісіп, заманауи білім берудегі әдіс-тәсілдерді талқылады.