Бүгін Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған Ашық есік күні қорытындыланды.

Қатысушылар ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқып, шығармаларының құндылығына тоқталды. Кітапхана төрінде өткен мәдени-танымдық шаралардың маңызын талқылады.