Аймағымыз Қазақстанның батысындағы ірі индустриялық және сауда орталықтарының бірі ретінде өз позициясын нықтап келеді. Соңғы жылдары облыс орталығының дамуына айрықша көңіл бөлінді. Жаңа кәсіпорындар ашылып, жұмыс орындары құрылып жатыр. Сауда мен логистикалық мүмкіндік те арта түскен. Енді оны одан әрі дамыту керек. Облыс әкімінің төрағалымен өткен жиында жыл бойы атқарылатын жұмыстарға бөлінетін бюджет қаржысы нақтыланды.