Елімізде алғаш рет Web телеарналар іске қосылды. Телехикая мен анимациялық фильм, арнайы репортаж бен деректі фильм, зияткерлік және ойын - сауық бағдарламалар, тұлғалармен сұхбат, айтыс, спорттық жарыстар енді үздіксіз таралады. Kaztv веб телеарналар тобы 10 веб арнаны біріктіріп отыр. Барлық телеарнаны смарт тв және QAZAQSTAN TV және QAZTV. KZ сайттары мен QAZAQSTAN TV мобильді қосымшасы арқылы қарай аласыз. Айта кетейік, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы құрамында 4 республикалық, 14 аймақтық телеарна бар. Телеарналар жыл сайын мыңдаған жобаны көрерменге ұсынады.