Құдықсайдың ахуалы жақсарып келеді. Хромтау ауданына қарасты елдімекенде құрылыс жұмыстары қызып, күн санап көркеюде. Бұған дәлел - ауыл ішіне салынған асфальт жабындысы.

Ескірген жолдың қазіргі кейпі әлдеқайда жақсарып қалған. Жол азабын тартып келген жұрт "енді ауылдың тірлігі жақсаратын болды", - деп қуанып отыр.