Ақтөбеде жылу желісінің 60 пайызы тозып тұр. Ал су желілерінің 54 пайыздан астамы жарамсыз күйде. Сондықтан облыс орталығында жөндеу жұмыстары қыза түсткен. "Актобе су энерджи групп" компаниясы жоспарлы жөндеу жұмыстарымен қатар инвестициялық бағдарламаны да іске асырып жатыр. Табиғи монополияларды реттеу департаментінің қызметкерлері бүгін тілшілермен бірге коммуналдық мекемелердің қысқа әзірлігін қарап шықты.