Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институты талапкерлерді іріктеуді бастады. Қазіргі күннің өзінде 600-ден астам өтініш келіп түскен.
Оның 400-ден астамы Мәртөктегі "Айбын" әуе айлағында сынақтан өтіп жатыр. Тек 234-і ғана курсант атана алады. Олар ұшқыш, әскери теңізші, инженер және әскери медицина қызметкері мамандығын меңгереді.
Талапкерлер 20-ы тамызға дейін медициналық және психологиялық тексеруден өтеді және физикалық дайындығын дәлелдейді.