Сағи Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасында алдағы Конституция күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда Ата Заңымызды насихаттайтын жинақтар мен тәуелсіздік жылдары жарық көрген саяси басылымдар оқырман назарына ұсынылды. Кітапханашылар Заңдағы өзгерістер мен толықтыруларды айтып, өскелең ұрпақ алдындағы маңызын түсіндірді. Айта кетейік, биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына – 30 жыл.